Алматыдағы өрт. Қылмыстық іс тіркелді

Алматыдағы өрт. Қылмыстық іс тіркелді

Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде. Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метр - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Ақпарат түсуіне байланысты толықтырылатын болады. Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз - делінген хабарламада.