Алматыдағы өрт. Хостелге қатысты қосымша ақпарат тарады. LIVE
Өртенген хостелге қатысты Алматы қаласының әкімдігінен қосымша ақпарат келіп түсті.
Аталған хостел 1 жарым ай бұрын ашылған екен. Ол кепілдегі мүлік ретінде Халық банкке тиесілі. Банк оны жалға берген.
Сонымен қатар, бұл хостел мен Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының арасында ешқандай келісім болмаған. Студенттерден де дәл осы ғимаратта тұру туралы ешқандай өтініш түспегенін айтады.