Қостанайдағы жарылыс: 10 адам ауруханада жатыр
Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан екі және одан да көп адам өлімі болған іс төтенше жағдайлар департаментіне жіберілді. Қазір сараптама тағайындалды.
Естеріңізге салсақ, кеше қалада газ-ауа қоспасы жарылып, 3 адам қаза тапқан. 12 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің аяқ-қолдары сынып, денесін күйік шалған.
Владимир Шатерников, қалалық аурухана бас дәрігерінің м. а:
- Кеше жарылыстан 4 адам жеткізілді. Үшеуінің жағдайы тұрақты. Қазір жақсарып келеді. Ал төртіншісі бүгін есін жиды. Бірақ өміріне әлі де қауіп бар.