Шымкентте ескі нысан қирады

Шымкентте Фосфоршылар сарайының бір бөлігі қирап, үйінді астында 18 жастағы баланың денесі табылды.

Жәбірленуші медициналық коллеждің 2 курс студенті екені белгілі болды. Оны құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен алып шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқыс жағдайдан тағы екі бала аман қалған. Олар нысан қирағанда қашап үлгеріп, сала мамандарына хабар берген. Қайғылы жағдайдан соң қараусыз қалған мәдениет үйінің аумағына арнайы бекет қойылды. Полиция қызметкерлері күзетуге алды.

Айта кетейік, 50 жылдық тарихы бар зәулім ғимарат жекенің меншігінде болып, 10 жылдан бері қаңырап тұрған. Әкімдік өкілдері меншік иесімен ортақ келісімге келіп, мәдениет үйін мемлекет теңгеріміне қайтару туралы шешім қабылданған еді. Осылайша бос тұрған нысанды көпфункционалды жастар сарайы ретінде қайта құру жоспарланған болатын.