Алматыдағы жер сілкінісінің күші 5 балл деп бағаланды
Алматы қаласында тіркелген жер сілкінісінің күші 5 балл деп бағаланып отыр.
Хабарлама 11:22-де тіркелді. Эпицентр қаланың оңтүстігіне қарай 31 шақырым жерде орналасқан. Табиғи апатқа байланысты шаһарда дабыл қосылды. Ал әлеуметтік желіде жер сілкінісінің қатты сезіліп жатқаны жайлы тұрғындардың видеолары тарады.
Талдықорғанда да 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді. Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісіне қатысты қосымша ақпарат өңделіп жатқанын хабарлады. Ал біз халықты дүрбелеңге берілмей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.