Талдықорғанда да тербеліс байқалды
Жер сілкінісі Жетісу облысында да сезілді.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Талдықорғанда тербеліс магнитудасы 3 балл болған. Алматыдан 31 шақырым жерде тіркелген жерасты дүмпуі жайлы ақпарат жергілікті атқарушы органдар мен «Қазселденқорғау» мекемесіне дер кезінде жетіп тұр. Қазір олар өздеріне тиесілі аумақтағы жағдайды саралап жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ.