Жамбыл облысында жарылыс кезінде 60 адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 11-і – әскерилер. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Қазір оларға Тараз қаласындағы нөмірі бірінші ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 16 жедел медициналық көмек көрсету бригадасы аттанды. Қазір жақын маңайдағы ауылдардан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өрт ошағына Қайнар, Базарбай, Үшбұлақ және Жаңатұрмыс ауылдары жақын орналасқан. Жарылыс жалғасып жатыр Таразда жарылыс болды Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды