Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Ақмола облысының Степногорск қаласында жол апатынан 3 адам қаза тапты.

Оқиға «Степногор – Заводской» тасжолы бойында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жылдамдықты асыра пайдаланған «Тойота Ланд Крузер» көлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларынан қашуға тырысып,қарсы жолақтағы «Ауди» көлігімен бетпе бет соқтығысқан. Салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орында қайтыс болады. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстыры басталды.

Нұрсұлтан Мұқашев, Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы:

- Құқық қорғау қызметі туралы заңның 59, 61 баптарына сәйкес көлік құралын мәжбүрлі түрде тоқтату үшін табельдік қару қолданылды. Көлік жүргізушісі жол-патрульдік қызметкерлеріне бағынбай жол апатына себепкер болды. Қылмыстық іс қозғалып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.