Ақмола облысында 6 жолды су шайды

Ақмола облысында жергілікті маңыздағы 6 жолды су шайды, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан көлік қатынасы тоқтады. Қазір қауіпті жол учаскелеріне инертті материал төселіп, су шайған тұстары бекітіліп жатыр. Көктем келісімен аймақта 29 жолды су шайған. Оның ішінде бесеуі республикалық, 11-і облыстық және 13-і – аудандық маңыздағы тасжолдар.

Талғат Қайратхан, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының директоры:

- Біздің инженерлар жол бағытына шығып, жол үстінен су ағу фактісі болса мердігер ұйымға және тапсырыс берушіге ақпарат жолдап, сол жерде жол үстіндегі судың енін, биіктігін анықтап ақпарат береміз. Мүмкіндік болса, жол бағытына шектеу қоймауға тырысамыз. Бірақ жағдай ушыға бастаса, шектеулер орнатылады.