Түркістан облысында газ баллонның жарылысынан алты адам жараланды

Түркістан облысы Созақ ауданында тұрғын үйде газ балоны жарылып, 6 адам зардап шекті.

Үйінді астында қалған әйел мен оныңң 5 баласын көршілер шығарып алған. Олар жедел ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәлеметінше, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығының да денесін күйік шалған, жағдайлары орташа ауыр. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Газ-ауа қоспасының жарылысынан 180 шаршы метр болатын үй толығымен қирап қалды. Оқиға орнында 20 құтқарушы, 5 техника, психологтар мен кинологтар жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.  

Қанат Ақбаев, Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

- Оқиға орнына келгенде анықталғаны 27 литрлік газ балоны жарылып, тұрғын үйдің қирауына жол берілген. Қазіргі таңда 6 адам болған оқиғадан аудандық ауруханаға түсіп, үшеуі жансақтау бөлімінде. Ем шаралары қаралуда.