Талдықорғанда өз қызын өлтірген анасы мен өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты
Өз қызын өлтірген анасы мен өгей әкеге қатысты Талдықорғанда сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24kz.
Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жағдай былтыр 6 қараша күні Текеліде болған. 14 жастағы Карина Дорохинаның мәйіті қала маңындағы таулардан табылған еді. Жасөспірімнің денесінен азаптау белгілері анықталған. Тергеу барысында күдікті ретінде ерлі-зайыптылар ұсталды. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты оларды кінәлі деп тапты.
Нұрлан Билибеков, Жетісу облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
- Өлтіру, зорлық-зомбылық әрекеттері, зорлау, қинау баптары бойынша сот үкімі шығарылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Азамат М өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, азамат Е 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.