«Астана ЭКСПО - 2017» – Қазақстанмен және көрмеге қатысушы өзге мемлекеттермен бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған айырықша алаң. Қытай энергетикалық компаниясының бас менеджері Чжан Cинь осылай дейді. Оның айтуынша, Астанадағы халықаралық көрмеде қоршаған орта мен адамзат баласына пайдалы тың жаңалықтар көп болады. Мәселен, СEFC компаниясы болашақтың үш түрлі энергиясын алу технологиясымен бөліседі. Чжан Cинь, CEFC компаниясының бас менеджері: - «Астана ЭКСПО - 2017» көрмесі арқылы қоғамға жаңа, пайдалы дүние әкелеміз деген ойдамын. ЕХРО-да біз үш түрлі жаңалықты таныстырамыз. Біріншісі – жел энергиясы теxнологиясы. Екіншісі – балшықты энергия көзіне айналдыру теxнологиясы. Үшінші – ауа тазарту теxнологиясы. Астана ЕХРО көрмесі арқылы біз компаниямыздың жаңа иммиджін қалыптастыруға мүмкіндік алдық. Қытай павильонының негізгі серіктесі ретінде дайындық жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп келеміз. Қазақстандық әріптестеріміз де қолдап жатыр. Біздің алғысымыз шексіз.