Есірткі таратуға қатысқан 30 жеткіншек ұсталды

Биыл жыл басынан бері есірткі таратуға қатысқан 30 жеткіншек ұсталды.

Кәмелетке толмаған балалар қылмыстың жекелеген түрлері бойынша ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері барлық оқу орнында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарынан жырақта жүрген 1-2 курс студенттері басты назарға алынды.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
- Осыған байланысты біз сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз. Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек. Балаларыңыздың ортасын біліп, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауыңыз қажет. Жасөспірімнің заттарындағы кез келген дәрі-дәрмек қаптамаларына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аударыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады.