Қазақстан Елшісі Хорватия президентіне сенім грамоталарын табыстады
![Қазақстан Елшісі Хорватия президентіне сенім грамоталарын табыстады](/media/k2/items/cache/151d196403326b8d7b13074860c63795_XL.jpg)
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Республикасының Президенті Зоран Милановичке сенім грамоталарын табыстады.
Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Хорватия Президенті «Қазақстан Орталық Азиядағы ел үшін аса маңызды әріптес» екенін және екіжақты қарым-қатынастардың берік негізге сүйенетінін атап өтті.
Рәсімнен кейін Қазақстан Елшісі мен Хорватия Президентінің кездесуі өтті, оның барысында қазақ дипломаты Қазақстандағы қазіргі экономикалық және саяси жағдай, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды реформалар туралы хабарлады. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы достық қатынастарды, саяси диалогты жандандыру бағытының сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын және екі елдің экономикалық әрі транзит-көліктік әлеуетін толығырақ пайдаланудың қажеттілігін атап өтті.
Жылы атмосферада өткен кездесу соңында З. Миланович Қазақстан халқы мен Президентіне ізгі тілектерін жолдап, Елшіге дипломатиялық миссиясының табысты болуын тіледі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі