БҰҰ Қазақстан бітімгерлеріне төлем жасайды

Голан жоталарында бітімгерлік миссия атқарып жүрген қазақстандық әскерилерге Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан ай сайын мың жарым долларға жуық төлем жасалады.

Қаражат алдымен қаржы министрлігіне аударылып, одан соң Қорғаныс министрлігіне жіберіледі. Біріккен ұлттар ұйымы төлемді қазақстандықтардың бітімгерлік миссия мерзімі аяқталғанға дейін төлеуге міндетті. Мәжіліс Ұйым мен Қазақстан Үкіметі арасындағы тиісті келісімді мақұлдады. Құжатта одан бөлек, аталған шиеленіс аймағына жіберілген контингентімізге негізгі жабдық құралдары үшін өзге де шығын көлемін өтеу тәртіптері қарастырылған. Айта кетейік, қазақстандық 139 бітімгер Голан жоталарына былтыр наурыз айында орналастырылды.

Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Осы меморандум мен келісімшарт ратификацияланғаннан кейін БҰҰ жылдық төлемақыны біздің бюджетке бір рет аударатын болады. Келесі ротацияда келесі ауысым өткеннен кейін келесі ауысымнан бастап әрбір әскери қызметшінің өзіндік төлемақысы өзіне түсетін болады ай сайын. Ал техника мен мүлікке арналған төлемақы тоқсан сайын мемлекет бюджетіне түсетін болады.