О.Бектеновтің төрағалығымен су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінен республикалық кеңес өтті
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жіті назарда.
Қауіптің алдын алу шаралары аясында елдегі гидрологиялық нысандар жөнделіп, су қоймалары мен бөгеттер нығайтылды. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің төрағалығымен республикалық кеңес өтіп, бірқатар министрлер мен облыс әкімдері тасқынның алдын алуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков су тасқынын болжаудың Tasqyn ақпараттық жүйесі іске қосылып, су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері бойынша мәліметтер автоматтандырылған айтты. Ал Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елдегі гидротехникалық құрылыстардың дайындығы туралы баяндады. Бүгінде 74 нысан қалпына келтірілді, 46-сы жөндеу сатысында, 18-інің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді деді. Сондай-ақ елде 1 мың шақырымнан астам каналдар, 153 мың шақырымнан астам өзен арналары тазартылды. Былтыр көлемі 245 млн куб метр болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 59 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру аяқталу сатысында тұр. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар елдімекендерді қорғау үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. Автомобиль және темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды. Бұдан бөлек, 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық аумақта түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық
1000 км каналдар
153 000 км өзен арналары тазартылды
245 млн м3 болатын Ақтөбе су қоймасы жөнделді
59 қорғаныс бөгеті қалпына келтіріледі
көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық
576 км топырақ үйінділері, қорғаныс бөгеттері тұрғызылды
960 су өткізу құрылыстары орнатылды
74 өзеннің қауіпті учаскелері тереңдетілді