Үкімет басшысы кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

Солтүстік Қазақстанға сапар барысында Олжас Бектенов кәсіпкерлерімен кездесті.

Жиынға әртүрлі саланың 60-қа жуық өкілі келді. Келелі кеңесте салық реформасы талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Үкімет басшысының айтуынша, қазір бюджетті толықтыру маңызды. Қазынаны теҢдестірудің санаулы жолы бар. Алғашқы нұсқа – Ұлттық қор қаржысын пайдалану. Алайда бұл тәсіл, жинақтың тез түге-сілуіне алып келеді. Одан бөлек, әлеуметтік шығыстарды қысқартуға болады. Дегенмен әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан өз міндеттемелерін орындауы керек. Демек, ең оңтайлы жолы салық мөлшерлемелерін түзетіп, қайта қарау. Премьер-министр алдағы өзгеріс елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтады деді. Бұл қаражат бизнесті қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Кездесуде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин сараланған қосымша құн салығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Кәсіпкерлер міндетті төлемнен, қай саланы босатуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Олжас Бектенов оны жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Дәурен Қатыранов, «Радуга»  ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Үкіметтің стратегиясы сараланған тәсіл дегеніміз не және ол қандай тұжырымдамаға сәйкес келетіні ұғынықты бола бастады. Сауалымызды тікелей қоюға мүмкіндік жасалды, біздің ұсыныстарымызды қабылдап алды.