Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова 2024 жылғы 6 ақпаннан бері Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Ал, оған дейін түрлі жоғары лауазымда, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.