Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген. Ол әр жылдары Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер министрліктерінде жауапты қызметтер атқарып, 2023 жылдың маусымына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшісі болды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысын басқарды.