Қ. Тоқаев Президент Архивінің жаңа ғимаратына барды

akorda.kz

Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Президент Архивінің жаңа ғимаратына барды. 

Мұрағат Алматыдан Астанаға көшірілген. Мұнда еліміздің 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған. Атап айтқанда, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар. Ғимарат құжаттар сақтап ғана қоймай, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ. Оның ішінде мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары орналасқан. Мұндағы 24 қойма қағаз жүзіндегі құжаттар мен дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға арналған. Сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қоры бар.