Нұрымбет Сақтағанов ШҚО әкімі болып тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл лауазымды қызметті енді Нұрымбет Сақтағанов атқаратын болды. Ол бұрын осы өңірде әкімнің орынбасары болған еді. Жаңа әкім 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Заң және экономика мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын мектеп қабырғасынан бастап кейін бірнеше министрлікте және өңірлерде жауапты қызмет атқарды.