Қ.Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Иордан Хашимит Корольдігіне барады, деп хабарлайды 24kz.

Ресми сапар Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен ұйымдастырылады. Мұнда Президент сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді.