О. Бектенов шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апатта қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысымен танысты.
Премьер-министр оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын толық жою керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ бұл бағытта атқарылып жатқан істердің бәрін бақылауда ұстайтынын айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру зардаптарды жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек.