Әл-Хусейния сарайында Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеді. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.