Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін де аралап көрді.
Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен мұражай директоры қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев көрме залдарын аралап көріп, қорда сақталған сирек жәдігерлермен және экспонаттармен танысты. Мұндағы ерекше көрменің бірі Кумран қолжазбалары. Онда тарихи құндылығы зор мыс қолжазбалардың фрагменттерімен танысуға болады. Президент нысанды аралап көрген соң Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.