Парламент депутаттары Ассамблея жастарымен кездесті

Астанада Парламент депутаттары мен еліміздегі түрлі этнос жастарының кездесуі өтті.

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. «Ел жастарының бірлігі – береке бастауы» атты кездесуде ұлттық құндылықтарымызды сақтау, өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден қорғау мәселелері көтерілді. Жиынға қатысушы түрлі этнос жастары болса, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, интернеттегі қазақ тілді контентті арттыруға қатысты ойларымен бөлісті. Депутаттар мұндай жиындар елдің аудан-ауылдарында да өтетіндігін алға тартты.

Серік Егізбаев, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:

- Жастардан біздер де көп идея аламыз. Біз айтамыз ғой ел болашағы жастарда деп. Енді сол болашағын билікте жүргесін қарастырып жатырмыз ғой, заң, бюджет тұрғысынан. Біздер міндетті түрде өңірлерге барғанда жастармен кездесеміз, осы форматта.