Ақтөбе тұрғындары этномедиаторлар даярлау курсынан өтті

Ақтөбеде 60 шақты адам этномедиаторларды даярлау курсынан өтті.

Олардың қатарында жергілікті атқарушы орган, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қоғам белсенділері бар. Семинардан соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған шаралар легі жалғасып жатыр.

Ғалия Құртаева, ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі:

- Біз барлығымыз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан этносаралық татулықтың маңызы зор. Бұл шара түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосады.