Өңірлерде аймақтық кадрлық резервке іріктеу аяқталды

Өңірлерде аймақтық кадрлық резервке іріктеу аяқталды. Оған республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысты. Нәтижесінде 505 адам екі жыл мерзімге резервке қабылданды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастарға арналған арнайы квоталар енгізілді. Жалпы жастар арасында кадрлық әлеуетті арттыру маңызды. Соның бастысы – «Президенттік жастар кадрлық резерві». Осылайша 315 жас мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарға тағайындалды. Жобаға қызығушылар қатары артып жатыр. Үш іріктеу нәтижесі бойынша 400 адам резервке қабылданды. Олар саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» және «Б» корпусындағы басшылық қызметтерге тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.

Кадрлық резервке үміткерлер:

2019 – 13 мың адам

2021 – 22 мың адам

2023 – 31 мың адам

Резервке қабылданғандар:

2019 – 300 адам

2021 – 50 адам

2023 – 50 адам