«Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының XVI отырысы өтті

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара тауар айналымы 7%-ке өсіп, 50 млрд долларға жетті. «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының XVI отырысында Премьер-министр осылай деді.

Елордада өткен келелі кеңеске Одақтың уақытша сенімді өкілі Йоханнес Баур және Еуроодақ елдерінің дипломатиялық миссиялары басшылары қатысты. Отырыста сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, ғылым және өнеркәсіп саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.