Қ.Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Ораза айт мерекесіне орай бірқатар ел Президенттері, халықаралық ұйым басшылары мен вице-министрлер Мемлекет басшысын құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания секілді мемлекет басшылары ізгі тілектерін жолдаған. Олар құттықтау жеделхаттарында ораза айт құндылықтарының өзара достық пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіне сенім білдірді.