М. Әшімбаев Рим Папасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Қазақстандағы Апостолдық нунциатурасына барды. Онда палата спикері Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты Апостолдық нунциге және католиктердің бәріне көңіл айтты.
Сондай-ақ көңіл айту кітабына жазба қалдырып, Понтификтің, әділеттілік пен мейірімділік қағидаттарын дәріптеуге, діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.