29-30 мамыр күндері Астана халықаралық форумы өтеді
Астана халықаралық форумы жаһандық мәселелер мен басымдықтар бойынша маңызды диалог алаңына айналады, деп хабарлайды 24kz.
29 және 30 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықаралық дипломатия және ынтымақтастық мәселелеріне қатысты мемлекетаралық ықпалдасуға бағытталған айтулы шара өтеді. Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, компаниялар мен академиялық топтардың басшылары жаһандық дүрбелең мен поляризация жағдайында өзекті мәселелердің практикалық шешімдерін табу үшін қатысады. Онда Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, Энергетика және климаттың өзгеруі, Экономика және қаржы сияқты үш негізгі тақырып бойынша кең ауқымды панельдік пікірталастар қамтылады.