Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Қ. Тоқаев

Жалпы ондаған ұлт пен ұлыс өкілдері ұйып отырған Қазақ еліндегі татулыққа қазір талай жұрт ынтазар. Тіпті кезінде БҰҰ-ның өзі тұрақтылықтың қазақстандық үлгісін көптеген елге өнеге ету керек деп бастама көтерген. Бекер емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.