Қ. Тоқаев: Ақсақалдар кеңесі отбасы институтын нығайтуға атсалысып жатыр
Осы сағаттарға дейін біз Ассамблеяның 30 жылдық тарихына тоқталып, 30 жылда атқарылған маңызды жобалар жайын тілгі тиек еттік. Қазір де ҚХА жанынан құрылған тағы бір қоғамдық құрылымның маңызына тоқталсақ деп отырмыз. Ол құрылым жөнінде Мемлекет басшысы да Ассамблеяның 34-ші сессиясында өз ойын айтқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті:
- Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі отбасы институтын нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге атсалысып, ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Ассамблея мүшелері ҚХА ардагерлерінің «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатынын айтты. Мұндай жұмыстар ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыруда Ассамблеяның әлеуетін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдімін.