Тарихи атамекеніне оралғандар қазақ жұртының жақсылығын ұмытпайды — Президент

t.me/aqorda_resmi

Жалпы «Салауатты сана» жобасымен Ассамблея ғана айналыспайды. Бұл жобаға Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ғылым және жоғары білім беру, Оқу-ағарту министрліктері, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығы», «Республикалық әкелер кеңесі» секілді қоғамдық бірлестіктер де бұл жобаны жүзеге асыруға атсасылып келеді. Демек Президент Ассамблеяның 34-ші сессиясында көтерген мәселелерлен атқарушы билік бір мысқал да тыс қалмайды деген сөз.

Жалпы қазақ «Қариясы бар үй, қазыналы үй» дегенді бекер айтпаған. Үлкендердің айтқанынан үлгі-өнеге алып өскен ұрпақ ұтылмайды. Бұл ретте бүгін сіз бен біз сөз еткен Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары көзге көрінбесе де ұшан-теңіз. Ал дәл осындай қоғамдық институттар шетелдерде бар-жоғын естіп көрмеппін. Десе де қазақ жерінен тарихи отанына қоныс аударған әртүрлі ұлты өкілдерінің өнегелі істерін, тіпті қазақтың ұлттық мерекелерін дәріптеп, тойлап жататынын жыл да әлеуметтік желілерде жиі көреміз. Бұны өткен аптадағы Ассамблея сесиясында Мемлекет басшысы да айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Қазақ жұрты егемендігін алған соң қандастарымыздың елге қайтуына жол ашылды. Қазақстаннан да көптеген адам өзінің тарихи атамекеніне оралды. 4 миллионға жуық отандасымыз Германияға, Польшаға, Израильге және басқа елдерге көшті. Бірақ олардың көбі қазақ жұртының жақсылығы мен қамқорлығын ұмытпайды. Қазақстанның туын төріне іліп, елге деген сағынышын көрсетіп отырады. Қазақша сөйлеп, қазақша ән айтып, қазақтың салт-дәстүрін ұстанады. Жыл сайын Наурыз мейрамын атап өтеді. Барша Қазақстан азаматтары, шетелде тұрып жатқан барлық отандасымыз – бәрі де бір үлкен отбасы деуге болады.