Олжас Бектенов Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
"Ел бірлігін, барша ұлт пен ұлыстың ынтымағын ту еткен қастерлі құндылықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыт-бағдарының берік тұғырына айналды. Өзара түсіністік пен келісімнің арқасында Қазақстан жаһандық сын-қатерлерді жұмыла еңсеріп, озық ойлы ұлт болып ұйысу жолында нық қадам басып келеді. Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін" деді премьер-министр өз құттықтауында.