А. Выползов: Тоқаев сөзі – тұрақтылық кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сәуірдегі отырысында сөйлеген сөзі дәстүрлі баяндама емес, елдің ішкі және сыртқы саясатына бағыт-бағдар беретін дүниетанымдық бағдарлама.
Ресей-Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы Андрей Выползов «Независимая» басылымында осындай пікір білдірді. Сарапшы мақалада Президент атап өткен үш негізгі тірек – ұлттық бірлік, тату көршілік және тарихи жады туралы сараптама жасайды. Тіл саясатына қатысты пайымды пікіріне де ерекше тоқталған. Сонымен қатар Выползов Президенттің сыртқы саясаттағы ұстанымын айрықша атап өтеді. "Тоқаев Ресейді стратегиялық серіктес, Қытайды тарихи байланысы терең мемлекет, ал көршілес Орта Азия елдерін бауырлас халық ретінде сипаттады. Бұл ұғымның астарында Президенттің бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан жүйелі реформалары жатыр. Ол саяси, экономикалық және дүниетанымдық жаңғыруды қамтиды"- дейді ресейлік сарапшы.