Елордада Астана халықаралық форумы өтеді

Елордада мамыр айының 29-30 күндері Астана халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Әлемдік көшбасшылардың, сарапшылар мен бизнес өкілдерінің басын қосатын жиынның тақырыбына «Ойлар байланысы, болашақты қалыптастыру» мәселесі арқау болмақ. Ғаламдық тұрақсыздық жағдайында форум қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін талқылайтын алаңға айналады. Бүгінде әлем халықаралық қатынастардағы тұрақсыздықтан бастап климаттың өзгеру қаупі мен экономикалық сенімсіздікке дейінгі күрделі түйткілдермен бетпе-бет келуде. Осы тұрғыда Қазақстанның стратегиялық ролі маңызды.

«Бұл форум еліміздің көпжақты ынтымақтастықты қолдауының және өткір мәселелерде оңтайлы шешім табудағы күш-жігерінің жалғасы болмақ», - дейді ұйымдастырушылар.