Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады
Еліміз Біріккен ұлттар ұйымының жоғары деңгейдегі саяси форумында үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады, деп хабарлайды 24kz.
Жаһандық шара Нью-Йоркте 39 елдің қатысуымен өтеді. Бұл форумда түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөліседі. Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Биылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.