Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді. Басқосуға аймақ әкімі Нұралхан Көшеров, аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық саясатқа және жастар саясатына, сондай-ақ басқа да түйткілдерге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Ерлан Қарин өз сөзінде мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру ісіндегі басты қағидаттарға тоқталып, ішкі саясат саласында проактивті, яғни проблемалардың алдын алу тәсілін қолдану қажеттігіне назар аударды. Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясат саласын жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма берді.