Мемлекеттік қайраткер Саттар Имашевтің туғанына 100 жыл толды

Астана мен Алматыдағы көшелерге көрнекті мемлекеттік қайраткер Саттар Имашевтің аты беріледі.

Қазақ КСР Жоғары кеңесі төралқасының төрағасы, Кеңес Одағы коммунистиік партиясы орталық комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Саттар Имашевке биыл 100 жыл.

Мемлекет қайраткерін еске алып, мұрасын дәріптеу мақсатында мәжілісте арнайы конференция ұйымдастырылды. Саттар Нұрмашұлы жайлы естеліктер айтылып, оның ұлт мүддесін қорғаудағы рөлі қаузалды. Қазақстандағы баспасөз ақпарат құралдарының тарихын алғаш зерттеген ғалым ретінде қалдырған құнды мұрасы жайлы сөз қозғалды. Конференция қорытындысы бойынша, арнайы қарар қабылданды. Онда Саттар Имашевтің ғылыми және саяси мұрасын зерделеп,  қызметі туралы материалдарды Қазақстанның білім беру бағдарламасына енгізу ұсынылды. Сондай-ақ Атырау облысындағы Бірлік ауылын Саттар Имашевтің атына ауыстыру, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті мен Атыраудағы Х. Досмухамбетов атындағы университеттерде арнайы Саттар Имашев атындағы мемлекеттік стипендия тағайындау ұсынылған. Сондай-ақ Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату мәселесі көтерілді.

Айдос Сарымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үкіметке арнайы резолюция жіберейін деп отырмыз. Бұның ішінде кезінде ел басқарған азаматтарды жадымызда сақтау, көшелердің атын беру, кітаптарын шығару, архивтік құжаттарды шығару деген сияқты шараларды іске  алып, оысын жүзеге асыру керек деп есептеп отырмыз.