Қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
Қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімді ратификациялады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазылған ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.