Президент: «Орталық Азия – Қытай» форматына ұзақмерзімді даму стратегиясы қажет
«Орталық Азия – Қытай» форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет.
Мемлекет басшысы саммитте осындай ұсыныс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиындағы ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.