«Орталық Азия – Қытай» саммитінде Астана декларациясы қабылданды
«Орталық Азия – Қытай» саммитінде Астана декларациясы қабылданды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекеттер басшылары аталған құжатқа және өзара мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасының «Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын» құру бастамасына жоғары баға берді. Оның пікірінше, бұл тең құқылы серіктестік, ортақ игілік пен өзара құрмет қағидаларына толық сай келеді.