БҰҰ-ның орнықты даму орталығы Алматыда ашылды
Біріккен ұлттар ұйымының орнықты даму мақсатына жету үшін елде 6 басым бағыт бойынша жұмысты күшейту қажет. Экономикалық зерттеулер институты жүргізген сауалнама осыны көрсетіп отыр.
Оның ішінде денсаулық сақтау және әл-ауқатты қамтамасыз ету, тұрақты экономикалық өсу мен лайықты жұмыс сынды бағыттар бар. Ал осы межеге жету үшін Біріккен ұлттар ұйымының ондаған агенттігі жұмысын бастап та кеткен. Алматы қаласында құрылған өңірлік орталық бұл мақсатты орындауға үлкен сеп болмақ.
Нұртуған Оралбаев, Экономикалық зерттеулер институтының орнықты даму мақсаттары бойынша хатшылығы директорының орынбасары:
- Алматы қаласындағы БҰҰ-ның орнықты даму жөніндегі орталықтың ашылуы біздің еліміздің тарихында ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің арасындағы маңызды оқиға болып саналады. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – ол бүкіл тәжірибені, білімді, бірлесіп, осы тәжірибемен Орталық Азия, Ауғанстан елімен бөлісу, алмасу.