The Diplomat: Қазақстан саясаты БҰҰ үшін маңызды
Біріккен ұлттар ұйымының Алматыда ашылған орнықты даму кеңсесі Орталық Азияның Біріккен ұлттар ұйымындағы орнын нығайтуға серпін береді. Америкалық The Diplomant журналы осылай деп жазды.
Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатиядағы бейтарап ұстанымы, мемлекеттің стратегиялық даму сипаты және өңіраралық серіктестік, гуманитарлық диалог құруда, ілкімді істердің бастамашысы бола алады делінген. Аталған бағыттар бойынша Алматыда Біріккен ұлттар ұйымының 18 агенттігі жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, Қазақстан көршілес Ресей, Қытай және АҚШ, Еуропалық Одақ сынды алпауыт елдермен тұрақты прагматикалық қарым-қатынасты берік ұстанады.