Президент: Саяси жүйе толық жаңғырды
«Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орында. Яғни, адамның шыққан тегі мен қаржылық қауқары маңызды емес. Қабілет-қарымы ескеріледі. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ», - деді Президент педагогтермен кездесуінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси жүйенің толық жаңғырғанын, ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалғанын айтты. Қоғам дамып, азаматтардың сана-сезімі де өзгерген. Бірақ өзгерістерді жасау бар да, оны біржола орнықтыру басқа мәселе. Мемлекет басшысы бұл ауыр, әйтсе де, абыройлы жауапкершілік ұстаздар қауымына жүктелетінін жеткізді. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады.