О.Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Кездесу Қырғыстанның Шолпан-Ата қаласында өтті. Жиында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің әлеуетін нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жайы айтылды. Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атап өтті. Оның ішінде өзара сауданы және сыртқы экономикалық байланыстарды арттыруға ден қойылған. Кездесуде биржалық сауда-саттықты дамыту бағдарламасы бекітіліп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл құжаттар одақ шеңберінде әріптес елдерді сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңестің келесі отырысы 29-30 қыркүйекте Минск қаласында өтеді.