Президент: Жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді
«Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді.
Мұндай қадамдар кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады»,-деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін қадап айтты.