Елде бір палаталы Парламент құрылуы мүмкін
Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, тақырыпты талқылауға бір жыл уақыт берді.
Сенаттың тағдырын халық шешеді. Қарашаның таңдауы келесі жылы өтетін жалпыұллтық референдумда анықталады. Бірпалаталы Парламент қалай жұмыс істейді? Оның артықшылығы неде?
Бекзат Аманов, тілші:
- Бір палаталы Парламент құру мәселесі ақыры ресми мінберде көтерілді. Бұған дейін бұл тақырып қоғамда, жабық алаңдарда талқыланған еді. Енді міне билік Парламент реформасына нақты кірісті. Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды пысықтауға бір жыл уақыт берді. Ал оған дейін депутаттар корпусы қалай жұмыс істейді? Президент оны да айқындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса береді. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына уақыты болады.
Иә, партияларға уақыт жеткілікті. Президент бұл үдерісті асығыс жүзеге асыруға болмайтынын мәлімдеді. Реформаны халық, сарапшылар һәм қазіргі Парламентте жан-жақты талқылайды. Оның үстіне референдумге де біршама уақыт өтеді. Демек, саяси күштер науқанға тиянақты дайындала алады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін», - деді. Ал сарапшылар пікірі мынадай.
Санжар Кәдірбаев, сарапшы:
- Бүгіннен бастап саяси партиялар саяси науқанын бастайды. Агитация бастайды. Сондықтан оған бір жыл уақыт менің ойымша өте жеткілік. Және бәсекелестік қыза түседі.
Ал бірпалаталы парламенттің артықшылығы неде? Ең алдымен, жұмыс жылдам әрі тиімді болады. Заң жобаларын тек бір ғана орган қарайды. Екінші, шығынды азайтады. Саяси шешімдерді қабылдау жеңіледейді. Мұндай реформаны қабылдаған елдердің қатарына Дания, Финляндия, Норвегия, Сингапур, Швеция мен Түркия сынды елдер бар.